Қадағалау кеңесінің төрағасы

 

Біртанов Елжан Амантайұлы

 

 - 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі

Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби басқарушы, менеджмент, медицина ғылымдарының докторы, іскерлік басқару магистрі.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1994); Аризона штаты Университетін, Тусон қаласы (1994); Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясын бітірген. Денсаулық сақтау менеджменті (2001); Шарите Университеті клиникасы, Берлин, ГФР, Аурухана ісінің менеджменті (2006); Тұран Университеті, экономика (2008); Duke University, Fuqua School of Business, АҚШ, Global Executive MBA магистратурасы (2013).

Еңбек жолы:

  • 1991-1994 жж. – Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасының психоневрология бөлімінде, ЖМКА қарқынды терапия, жан сақтау, токсикология бөлімдерінде мейіргер;
  • 1994-1998 жж.- дәрігер-токсиколог, реаниматолог, ЖМКА ақпараттық-консультативтік токсикологиялық орталығының жетекшісі;
  • 1998-1999 жж.- Алматы қалалық токсикология орталығының басшысы;
  • 1999-2005 жж. - республикалық токсикология орталығының басшысы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологы;
  • 2000-2008 жж.- Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының клиникалық токсикология курсының оқытушысы, меңгерушісі;
  • 2005-2008 жж.- ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры;
  • 2008 ж.- «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;
  • 2008-2010 жж.  - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі;
  • 2010-2012 жж. - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-тың Басқарма төрағасы;
  • 2012-2014 жж.- «Назарбаев Университет» ДБҰ Атқарушы кеңесі  төрағасының кеңесшісі;
  • 2014-2015 жж. - «Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын қолдау орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы;
  • 2015 ж. (қараша) - 2017 ж. (қаңтар) - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
  • 2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.

50-ден аса ғылыми жұмыстардың авторы, Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. ҚР денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Отличник здравоохранения», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгілерімен марапатталған.

 

Қадағалау кеңесінің мүшелері


Айыпханова

Айнұр Тоқсанқызы

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры

Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби басқарушы, аккредиттеу саласындағы халықаралық сарапшы, сапа менеджменті, Президенттің «Болашақ» бағдарламасының түлегі. «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Денсаулық сақтауды басқару» мамандықтары бойынша Индиана Университетінің (АҚШ) бакалавриатын және магистратурасын үздік бітірген. 2009-2010 жылдары Денсаулық сақтау саясаты институтының кіші ғылыми қызметкері бола жүріп, Индиана штатындағы St. VincentHealthSystem аурухана кешенінің әкімшілігінде тәжірибе жинақтады.

Еңбек жолы:

  • 2010 ж. – «Ұлттық медицина холдингі» АҚ сапа жөніндегі менеджері;
  • 2011 ж. – «Ана мен бала ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ сапа менеджменті және пациент қауіпсіздігі бөлімінің бастығы; «Ұлттық медицина холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының сапа жөніндегі кеңесшісі;
  • 2012-2016 жж. – «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ медицина директорының орынбасары;
  • 2013-2016 жж. – халықаралық аккредитация бойынша кеңесші, Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері халықаралық-аккредитацияланған клиникаларындағы JCI жобасының жетекшісі; Дүниежүзілік банктің ҚР аккредитация жүйесі жөніндегі жобасы аясында American Gulf International халықаралық кеңесшісі.

АҚШ, Германия, Испания, Ұлыбритания, Италия, Австрия, Чехия елдерінде біліктілігін арттырды. Денсаулық сақтау көшбасшылары Америка коллегиясының (АСНЕ) және Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Сапа Қауымдастығының (NAHQ) мүшесі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. ҚР денсаулық сақтау саласына халықаралық стандарттарды енгізуде қосқан үлесі үшін  2012 жылы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.


Құлжанов

Максұт Кәрімұлы

 

"Республикалық медициналық палата" ҚБ Басқарма төрағасы

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі арқылы жасалатын денсаулық сақтау саласындағы реформаларды әдістемелік және талдамалық қолдау мақсатында құрылған Астана қаласындағы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының алғашқы бас директоры.
М.К. Құлжанов – Қазақстандағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің негізін қалаушы, бұл Орталық Азия аймағында ғана емес, ТМД аймағы бойынша аталған бағыттағы алғашқы ұйым. Ол бұл ұйымды 15 жыл басқарып, халықаралық аренада танытты. Денсаулық сақтау вице-министрі болған (1992-1997) жылдары ол Қазақстандағы медициналық сақтандыру жүйесінің негізін қалаушылардың бірі болды.

100-ден аса медицина ғылымдарының докторлары мен кандидаттарына ғылыми жетекшілік етті. 200-ден астам қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі ғылыми жарияланымдардың авторы. Денсаулық сақтау саласындағы дипломат, ерекше басшы, зерттеуші, лектор ретінде тәжірибесі мол. Соңғы кездердегі зерттеушілік және кәсіби қызметінің бағыты – денсаулық сақтау саясаты, жаһандық денсаулық, паллиативтік көмекті дамыту, дені сау қартаю, ментальды денсаулық, т.б.

«Здравоохранение Казахстана» и «Менеджер здравоохранения» атты екі отандық журналдың бас редакторы. Республикалық медициналық палата президенті. Мақсұт Кәрімұлы түрлі халықаралық кеңестердің мүшесі, отандық денсаулық сақтау саласының мүддесін халықаралық деңгейге танытуда.


Өтепова

Гүлнара Данифқызы

 

"Отепова и К" ЖШС директоры


Медицина ғылымдарының кандидаты. 2001 жылдан «Светоч» отбасылық үлгідегі балалар үйінің балаларын-тәрбиеленушілерін диспансерлік қадағалауды жүзеге асырады. «Астана-Байтерек» әйелдер клубының белсенді қатысушысы. 2007 жылы Астана қаласының Медицина құрылымдары қауымдастығының құрылуына атсалысты. 2010-2011 жылдар аралығы – Астана қаласындағы «ТАН» татар-башқұрт қоғамының төрайымы. 2013 жылдан «Республикалық жекеменшік медициналық құрылымдар қауымдастығы» ЗТҚ төрайымы. 2013 жылдан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы пациенттердің құқықтарын қорғау кеңесінің қатысушысы. 2015 жылғы 30 қарашадан СБК мүшесі. 2016 жылғы 3-7 қазан аралығында ҚР ДСМ СБК денсаулық сақтау технологияларын бағалау жөніндегі сараптау тобының жұмыс тобының құрамында болды.


Шарман Алмаз

 

"Қазақстан Профилактикалық медицина академиясы" ҚБ президенті

Хуэй Вэн Тат

Назарбаев Университетінің Мемлекеттік саясат жоғарғы мектебінің деканы

Филиппо Барточони

 

"Астана Медицина университеті" АҚ атқарушы директоры 

Буркитбаев Еркебулан Утегенович

- Қадағалау кеңесінің хатшысы