Басшылық

 

Айыпханова Айнұр Тоқсанқызы – Бас директор

А.Айыпханова – денсаулық сақтау саласындағы кәсіби басқарушы, аккредитация саласындағы халықаралық сарапшы, сапа менеджменті, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы негізінде білім алып, «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Денсаулық сақтауды басқару» мамандықтары бойынша Индиана Университетінің (АҚШ) бакалавриатын және магистратурасын үздік бітірген. 2009-2010 жылдары Денсаулық сақтау саясаты институтының кіші ғылыми қызметкері бола жүріп, Индиана штатындағы St. VincentHealthSystem аурухана кешенінің әкімшілігінде тәжірибе жинақтады.

Еңбек өтілі:

  • 2010 ж. – «Ұлттық медицина холдингі» АҚ сапа жөніндегі менеджері;
  • 2011 ж. – «Ана мен бала ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ сапа менеджменті және пациент қауіпсіздігі бөлімінің бастығы; «Ұлттық медицина холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының сапа жөніндегі кеңесшісі;
  • 2012-2016 жж. – «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ медицина директорының орынбасары;
  • 2013-2016 жж. – халықаралық аккредитация бойынша кеңесші, Қазақстан Республикасы, Әзірбайжан, Біріккен Араб Әмірліктері халықаралық-аккредитацияланған клиникаларындағы JCI жобасының жетекшісі; Дүниежүзілік банктің ҚР аккредитация жүйесі жөніндегі жобасы аясында American Gulf International халықаралық кеңесшісі.

АҚШ, Германия, Испания, Ұлыбритания, Италия, Австрия, Чехия елдерінде біліктілігін арттырды. Денсаулық сақтау көшбасшылары Америка коллегиясының (АСНЕ) және Денсаулық сақтау саласындағы Ұлттық Сапа Қауымдастығының (NAHQ) мүшесі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. ҚР денсаулық сақтау саласына халықаралық стандарттарды енгізуде қосқан үлесі үшін  2012 жылы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Тұрмыста, екі баласы бар. 


 

Калдыбаева Менханым Косаевна – бас директордың орынбасары.

М.Қалдыбаева – денсаулық сақтау саласының кәсіби менеджері, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері, медицина ғылымдарының кандидаты, PhD докторы. Президенттің «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, 2011 жылы Лидс Университетін (Ұлыбритания) «Денсаулық сақтау жүйесін басқару, жоспарлау және саясат» мамандығы бойынша тәмамдаған,  Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымында тағылымдамадан өткен (Швейцария, Женева). 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясын үздік бітірген, Сингапурдағы Ли Куан Ю атындағы Саяси басқару мектебінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек өтілі:

  • 1991-1999 жж. – С.Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина институтының оқытушысы
  • 2000-2009 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының консультанты
  • 2011-2014 жж. – Стратегиялық даму департаментінің директоры, сондай-ақ Ұлттық Медицина Холдингінің Ғылым және  инновациялық технологиялар  департаментінің директоры 
  • 2014-2016 жж.  «Медикер» ЖШС Стратегиялық даму департаментінің директоры
  • 2016-2017 жж. – Дүниежүзілік Банктің денсаулық сақтау саласы реформаларын қолдау жөніндегі жобасының консультанты.

 

Монография және 7 ғылыми мақала авторы.  Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. BCG, EBRR, ABRR халықаралық консалтингтік  компанияларының денсаулық сақтау саласын дамыту, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, міндетті және ерікті медициналық сақтандыру, өнеркәсіптік медицина мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшысы.

 

Ұтымды клиникалық практика, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, аккредиттеу, білімді және дағдыларды бағалау орталықтарына жетекшілік етеді.


 

Ысқақова Айман Қадырханқызы – бас директордың орынбасары.

А.Ысқақова – медицина ғылымдарының докторы, Алматы мемлекеттік медицина институтын дәрігер-педиатр мамандығы бойынша тәмамдаған. Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығында «гематология» мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өткен (Алматы қаласы). 1999 және сәйкесінше 2007 жылдары бала онкогематологиясы бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған.

Еңбек өтілі:

  • 1999-2001 жж. – ПжБХҒО  онкогематология бөлімшесінің дәрігері, Алматы қаласы;
  • 2001-2007 жж. – ПжБХҒО  онкогематология бөлімшесінің аға ғылыми қызметкері;
  • 2007-2009 жж. - ПжБХҒО  ақылы медициналық қызмет бөлімшесінің меңгерушісі;
  • 2009-2010 жж. – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас менеджері, Астана қаласы;
  • 2011-2015 жж. – «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ (АБҰҒО) білім және инновациялық технологиялар бөлімінің бастығы, Астана қаласы;
  • 2012-2014 жж. – АБҰҒО педиатрия жөніндегі консультанты, бас ғылыми қызметкер;
  • 2016-2017 жж. - «UMC» корпоративтік қорының ғылым және білім департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы.

 «Болашақ» бағдарламасының «Бала онкогематологиясы» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдама» санатындағы степендианты, Питтсбург Университетінің Медицина орталығы, г.Питтсбург, Пенсильвания штаты, 2014-2015 жж. Сондай-ақ, Қазақстанда, Ресейде, Германияда бірнеше мәрте біліктілігін арттырды. 47 ғылыми мақалалардың, 2 әдістемелік ұсынымның авторы, 2 өнертабыс патенті бар. Бірнеше мәрте грамоталармен және дипломдармен марапатталды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Адами ресурстарды және ғылымды дамыту, менеджмент, медициналық көмекті жетілдіру, стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау орталықтарына жетекшілік етеді.


 

Күзембаев Нұрбол Ырысматұлы – бас директордың орынбасары.

Н.Ы.Күзембаев – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған (2002), Экономика бакалавры; М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған (2006), Экономика магистрі.

Еңбек өтілі:

  • 2008-2009 жж. – «Астана-Финанс» АҚ кірісті активтер мен міндеттемелер мониторингі бөлімінің маманы;
  • 2009-2010 жж. – «КазАгроМаркетинг» АҚ маркетинг бөлімінің менеджері;
  • 2010-2012 жж. – «Аstana» ӘКК Ұлттық компаниясы» АҚ азық-түлік нарығын бағалау орталығының жетекшісі;
  • 2012-2014 жж. - «Аstana» ӘКК Ұлттық компаниясы» АҚ Активтерді басқару және экономика департаментінің директоры;
  • 2014-2017 жж. – жобалар жетекшісі. «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС ЕАЭО ЕЭК аясында МЖК дамыту жөніндегі сараптау кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ;
  • 2012-2014 жж. – «Демеу» қайырымдылық қоры» корпоративтік қорының төрағасы.

2011-2016 жылдар аралығында  «Project management» (Жобаларды басқару) бағыты бойынша Қазақстан-Жапония даму орталығында, ҚР Жобалар менеджерлері одағында,  Ernst&Young  Академиясында біліктілігін арттырған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Әкімшілік департаментіне, медициналық қызметтерге тарифтер белгілеу, денсаулық сақтау экономикасы, инфрақұрылымдарды және МЖС дамыту орталықтары мен электрондық денсаулық сақтауды стандарттау бөліміне жетекшілік етеді.