ДСДРО құрылу тарихы

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 ақпандағы № 133 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері»  қаулысымен құрылған болатын.

 

ДСДРО Жарғысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2011 жылғы 18 наурыздағы № 179 бұйрығымен бекітілген. Сөйтіп, кәсіпорын 2011 жылдың 25 наурызында Астана қаласының Әділет департаментінде тіркеліп, тіркеу құжаттарын алған.

 

Кейінірек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 қазандағы № 1076 қаулысына сәйкес кәсіпорын екі бөлек ұйымға бөлінеді:

  • ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК;
  • ҚР ДСӘДМ «Республикалық электронды денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК (ezdrav.kz)

 

 

ДСДРО құрудың институционалды базасы

 

2011 жылы:

  • Республикалық ақпараттық-талдау орталығы (РАТО)*
  • Денсаулық сақтауды дамыту институты (ДСДИ)**

екі ұйым біріктіріліп, ДСДРО құрылды

РАТО Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2017 қаулысымен, облыстық медициналық ақпараттық-талдау орталықтарын біріктіру арқылы құрылды. Орталықты профессор Әбілқасымов Ерасыл Әбілқасымұлы басқарды. РАТО-ның негізгі міндеті денсаулық сақтау жүйесіндегі реформаларға ақпараттық-талдау жасап, сүйемелдеу болатын. РАТО 2011 жылы ДСДРО-ның құрамына кірді.

** Денсаулық сақтауды дамыту институты Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 18 шілдедегі  N 802 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау саласының медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығын ашу туралы» Қаулысымен құрылған Денсаулық сақтау саласының медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығының құқықтық мұрагері болды.  

 

Денсаулық сақтау саласының медициналық және экономикалық проблемалары ғылыми орталығын әр жылдары:

  • Жүзжанов Орманбек Түйекбайұлы
  • Слажнева Татьяна Ивановна
  • Әбілқасымов Ерасыл Әбілқасымұлы
  • Ким Сергей Васильевич

секілді ҚР денсаулық сақтау саласының белгілі ұйымдастырушылары басқарды.

Денсаулық сақтауды дамыту институтының әр жылдардағы басшылары:

  • Біртанов Елжан Амантайұлы (2005 - 2008 жж.),
  • Шоранов Марат Едігеұлы(2008- 2009 жж.),
  • Белоног Анатолий Александрович (2010 ж.),
  • Қаптағаева Айгүл Қайратқызы (2010-2011 жж.).

Денсаулық сақтауды дамыту институты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын реформалаудың және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ғылыми және әдістемелік тұрғыда сүйемелдеуді қамтамасыз етті. ДСДИ 2011 жылы ДСДРО-ның құрамына кірді.

 

 

Дүниежүзілік банк Жобасының ҚР Денсаулық сақтау секторындағы ролі

 

РАТО мен ДСДИ біріктіріліп, 2011 жылы ДСДРО-ның құрылуы Дүниежүзілік банктің Технологияларды табыстау және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау секторында институционалды реформа жүргізу жобасына сәйкес келді.  

 

Жоба аясында ДСДРО құрамына кіретін негізгі Орталықтар (бөлімшелері) құрылды. Орталықтардың институционалды құрылымдары, базалық технологиялары мен қызметтік әдіс-тәсілдері ең таңдаулы деген халықаралық тәжірибелерге сәйкестендірілді, тиісті кадрлар дайындығымен қамтамасыз етілді.

 

ДСДРО-ның белсенді атсалысуымен 2011-2015 жж. арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы сәтті іске асырылды.  Сондай-ақ, 2016-2019 жж. арналған  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.

 

ДСДРО құрылғаннан бастап осы кезге дейінгі аралықта Орталықты:

  • Құлжанов Мақсұт Кәрімұлы
  • Ахметов Уәлихан Исаұлы
  • Байжүнісов Ерік Әбенұлы
  • Ысмайылов Жұмағали Қазыбайұлы

секілді денсаулық сақтау саласының алдыңғы қатарлы жетекші іскер мамандары басқарды.

 

Ал денсаулық сақтау саласының білікті ұйымдастырушысы Ермекбаев Қанат Қартайұлы 2015-2017 жылдары Бас директордың кеңесшісі қызметінде болып, ДСДРО жобаларын бірізді қалыптастыруға, денсаулық сақтау саласындағы мүдделі тараптармен серіктестікті дамытуға үлкен үлес қосты.