Мед.қызмет сапасы жөніндегі бірлескен комиссия (СБК)

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып  табылады және клиникалық хаттамаларды, медициналық технологияларды бағалауды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау  саласындағы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған.

Комиссия ҚР ДСМ, «Атамекен»  ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) өкілдерінен тұрады. Әрбір  ҮЕҰ-дан  Комиссияның құрамына бір ғана өкіл енгізіледі.

Кандидаттар іріктеуге қатысу үшін жұмыс тобына мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

1) еркін түрде жазылған өтініш;

2) фотосуреті бар резюме, өмірбаян деректері, байланыс деректері көрсетілген кәсіби және (немесе) қоғамдық жұмысы туралы мәлімет (телефон, электрондық мекенжайы);

3) жеке куәлігінің және жоғары білімі туралы дипломның (медициналық немесе экономикалық, немесе заңгер) көшірмелері;

4) соттылықтың, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттылықтың бар-жоғын растайтын құжат;

5)  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 035-2/е нысаны бойынша диспансерлік есепте                                  тұрғаны/тұрмағаны туралы психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан анықтама;

6) ҮЕҰ-ден кандидаттар ҮЕҰ мүшелігінін растайтын құжаттарды ұсынады.

 Комиссия мүшелігіне кандидаттардан құжаттар 2018 жылғы 18 қазанға дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы, 010000,  Астана қ,  Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс не электрондық мекенжайға: n.ulukbek@mz.gov.kz.

 

 


Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының  2018 жылғы 3 шілдедегі №43 хаттамасы

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының 2018 жылғы 13 наурыздағы №39 хаттамасы

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының 2018 жылғы 22 қаңтардағы №38 хаттамасы

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №37 хаттамасы

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының 2017 жылғы 10 қарашадағы №32 хаттамасы


Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының күн тәртібі |18 тамыз 2017 ж., сағ.10.00 |  1132 каб.

1. Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының хаттамасы


Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының күн тәртібі | 01 тамыз 2017 ж., сағ.10.00 |  1132 каб.

  1. Медициналық технологияларды бағалау нәтижелерін қарау
  2. Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының хаттамасы

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының күн тәртібі |  29 маусым 2017 ж., сағ.18.00 |  1032 каб.

  1. Медициналық технологияларды бағалау нәтижелерін қарау
  2. Клиникалық хаттамаларды қарау
  3. Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын басқарудың ұлттық саясаты.
  4. Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының хаттамасы

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының күн тәртібі |  25 мамыр 2017 ж., сағ.11.00 |  1132 каб.

  1. КМҚ аккредитациялау жоспарын бекіту туралы бұйрық
  2. Жаңа медициналық технологияларды бағалау
  3. Клиникалық хаттамаларды қарау
  4. Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының хаттамасы

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының күн тәртібі |  12 мамыр 2017 ж., сағ. 11.00 |  1132 каб.

  1. Жаңа медициналық технологияларды бағалау
  2. Клиникалық хаттамаларды қарау
  3. Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының хаттамасы

Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының күн тәртібі |  12 сәуір 2017 ж., сағ. 11.00 |  1132 каб.

  1. 1. 005 РБП бойынша 2017 жылға арналған денсаулық сақтау саласы кадрларын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру.
  2. 2. Клиникалық хаттамаларды әзірлеу/қайта қарау регламентін қарастыру
  3. 3. Медициналық технологияларды бағалау нәтижелерін қарау
  4. Медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссия отырысының хаттамасы