Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: қанша төлейміз, қандай көмек аламыз?

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне қатысты туындайтын сұрақтар көп. Бірінші кезекте, әрине, қаржылық тұрғыда: тұрғындар қанша мөлшерде жарна төлейді және ол ақшаға қандай медициналық көмек алады? Ал, ең бастысы, бүгіндері жеке клиникаларда жиі кездесетін жағдайлар, медициналық қызметтер үшін артық төлем жасалмай ма?

Алғашқы сақтандыру жарналарын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер жұмыскер жалақысының 1% мөлшерінде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап төлей бастайды. 2022 жылға қарай аударым мөлшері 3%-ға өседі. Өз-өзін қамтамасыз ететін, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін адамдар да бар, азаматтардың жарналары  ай сайын 2 (ЕЖК) ең төменгі жалақы көрсеткішінің  5%-ын немесе 2884 теңгені құрайды, және бұл жарна мөлшері өспейді. Белсенді емес және нәтижесіз жұмыспен қамтылған  тұрғындардың (үй шаруашылығындағы әйелдер, такси жүргізушілер, ұсақ қосалқы шаруашылық иелері)  төлемдері  2018 жылдан бастап ай сайын 1 (ЕЖК) ең төменгі жалақы көрсеткішінің  5%-ын немесе 1414 теңгені құрайды.

Мемлекет 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін орташа жалақының 3,75%  мөлшерінде жарна төлей бастайды.  МӘМС аясында ешқандай жарна төлемейтін әлеуметтік топтар көп, олар: зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, студенттер, көп балалы аналар мен жүктілік демалысындағы әйелдер, т.б. – 10 млн.аса отандастарымыз.

Жалдамалы жұмыскерлер 2019 жылдан бастап ай сайын еңбекақысының 1% мөлшерінде жарна төлей бастайды, 2020 жылы жарна мөлшері 2%-ға дейін өседі.

Ал бұл ақшаға адамдар қандай көмек алады?

МӘМС сақтандыру пакетіне, мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пакетінен басқа, медициналық қызметтің кең көлемді тізімі – қызмет түрлері кіреді.  Бұл – емханалардағы медициналық қызмет түрлері, дәрігер қабылдаулары, түрлі зерттеулер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық ем ақысы. Бұдан басқа, сақтандырылған азаматтар үшін түрлі оталар, олардың ішінде қымбат тұратыны да, қолжетімді болмақ. Бүгіндері олар екі түрлі себеппен қол жетімді бола бермейді – мемлекет есебінен кезек көп, не өз есебінен төлеуге қалта көтермейді.

 

Дегенмен, МӘМС енгізудің ең басты пайдасы – бәсекелестік  есебінен медициналық қызмет сапасын арттыру мүмкіндігі. Қарапайым логика. Науқастар көп келетін білікті дәрігерлерді тарту арқылы пациенттерге ең жақсы қызмет көрсететін клиникаларға қаражат та көп бөлінеді, яғни олар көп табыс табады.  Ал азаматтар кейбір медициналық ұйымдардың аспандаған бағаларына қисынсыз қаражат жұмсамайды. Барлық шығындарды емдеу мекемелерімен жасалған шарт бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көтереді. Жарна төлеушілерден Қорға түскен қаражаттың мақсатты да тиімді, орнымен жұмсалуы ерекше маңызды. Сондықтан толық және сапалы медициналық қызмет көрсету бірінші кезектегі міндет болмақ.

 

 

Ақпарат


 

 

Инфографикалар