Ғылыми-медициналық сараптама

 

ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК, ғылыми-медициналық сараптама жүргізуші жұмыс орган бола отырып,:

 1) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламаларының жобаларын;

 2) республикалық нысаналы ғылыми-медициналық бағдарламаларды;

 3) аяқталған ғылыми-медициналық бағдарламалардың нәтижелерін;

 4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын алуға ұсынылатын ғылыми жұмыстарды;

 5) денсаулық сақтау практикасына енгізу жоспарланған:

  • монографияларды
  • әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтарды,
  • оқулықтар мен оқу құралдарын қоса алғанда, ғылыми-медициналық әзірлемелерді ғылыми-медициналық сараптауды жүзеге асырады.

Сараптама жүргізу және ғылыми-медициналық әзірлемелерді (монографиялар, әдістемелік ұсынымдар, оқулықтар, т. б.) бекітуді, "ДСДРО" РМК бағалар прейскурантына сәйкес ақылы негізде жүзеге асырады.

Ғылыми-медициналық сараптамаға ұсынылатын құжаттамалар тізбесі Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу қағидаларына және ғылыми-медициналық әзірлемелерді әзірлеу, рәсімдеу және бекіту жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес белгіленеді.

Ғылыми-медициналық әзірлемелерді  сараптау  Шарт  жасалған күннен  бастап 25 жұмыс күні ішінде  жүзеге асырылады. Ғылыми-медициналық сараптама тәуелсіз сарапшыларды – денсаулық сақтау жүйесінің тәуелсіз сарапшылардың базасына кіретін жоғары білікті мамандарын тарта отырып, жүзеге асырылады.

Ғылыми-медициналық әзірлемелерге  сараптама жүргізу нәтижелері бойынша ғылыми-медициналық сараптама жүргізуші жұмыс органы өтініш берушіге ғылыми-медициналық әзірлемелерді бекіту (немесе жасалған ескертулерге сәйкес пысықтау қажеттілігі) туралы ресми қорытынды береді.

Бекітілген ғылыми-медициналық әзірлемелердің тізбесімен берілген данной сілтеме бойынша танысуға болады.


Ғылыми-медициналық сараптама жөніндегі барлық қажетті ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады:

Тел: 700950 қос. (1115) немесе қос. (1058)

Электрондық мекен-жайы: aubakirova_a@rcrz.kz