Электрондық денсаулық сақтауды стандарттау

 

 

 

 

 

 

Жұмыстың негізгі бағыттары

- Халықаралық стандарттарды бейімдеу (ақпарат саласындағы салалық стандарттарды қабылдау), электрондық денсаулық сақтау стандарттарына арналған станарттардың негізгі жиынтығына және қысқа мерзімді жоспарына сәйкес бейімдеу;

- Электрондық денсаулық сақтау саласында ұлттық стандарттау (ТК 83ТМКК МИР ҚР қызметі);

-Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған электронды денсаулық сақтау облысында халықаралық стандарттарды есептік тіркеу.

 

   
   
   
   
             
          

Стандарттау кезеңдері

2013-2014 жылдар кезеңі - 75 және 210 бұйрықтарымен бекітілген стандарттарды бірінші негізгі жиынтығына кіретін «электрондық денсаулық паспорты моделін құру», сондай-ақ алғашқы классификаторлар анықталған. Электрондық денсаулық сақтау стандарттарын әзірлеу үшін ешқандай тұжырымдама болмағандықтан, олар стандартты талаптар мен ережелер түрінде қабылданды.

2015-2016 жылдар кезеңі – медициналық көмек көрсету, сондай-ақ оларды қолдаудың қосымша классификаторлары кіретін электрондық денсаулық паспорты қызметтерін анықтау. 2015 жылы 4 стандарт әзірленіп, бекітілді; класификаторларды бейімдеу бойынша жұмыстар басталды.

Электрондық денсаулық сақтауды стандарттау бойынша жұмыстар алуан түрлі, дегенмен денсаулық сақтау жүйесі жұмыс жасайтын пациент - негізгі фигура болып табылатын электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай кеңістігіне келтіруге бағытталады:

  • Медициналық көмектің үздіксіздігі (түрлі медициналық көмек көрсететін ұйымдар арасында ақпарат алмасу);
  • Пациенттердің қауіпсіздігі (медициналық ақпаратқа уақтылы қол жеткізу пациенттің денсаулығына зиян келтіру қаупін азайтуды қамтамасыз етеді);
  • Медициналық көмектің қол жетімділігі (жазылу процесі және пайиенттерді қабылдауды, оңтайлы жүктемені және ресурстарды бөлуді оңтайландыру арқылы денсаулық сақтауға тең қол жеткізу);
  • Пациенттерді тарту (Жеке кабинеті арқылы емдеу процесіне қатысуға тарту).

Өз кезегінде денсаулық сақтау жүйесі электрондық денсаулық паспортын жетілдіруден экономикалық тиімділікті тікелей алады, басқа да осыған ұқсас өнімдермен түрлі ақпараттық жүйелер арасындағы өзара әрекет арқылы интеграция құнын төмендету секілді клиникалық және әкімшілік деректер алмасу бірдей стандарттар бойынша жұмыс істейді, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлу ашықтығына қол жеткізу есебінен медициналық қызметтердің құнын төмендетуде шығындар азаяды.