Медициналық ұйымдарды аккредиттеу

 

"Тәуелсіз сарапшылар ретінде тәуелсіз сараптама жүргізуге үміткер жеке тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрықтың жобасы

 


 

Миссиясы

Медициналық ұйымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жоғары дәрежеде  халықтың сеніміне ие болу үшін сапа мен қауіпсіздіктің халықаралық нормаларын енгізу арқылы денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жүйесін жетілдіру.

Пайымдауы

Қазақстанда сапалы және қауіпсіз денсаулық сақтауды қамтамасыз ететін аккредиттеу жүйесін құру.

Аккредиттеу – бұл

  • сапаның әлемдік стандарттарына көшу
  • қауіпсіз медициналық қызметке қол жеткізу мүмкіндігі
  • пациенттің құқықтарының сақталуы
  • жақсартуға тұрақты ұмтылу
  • тәуекелдерді және пациенттер уақытының шығындарын азайту
  • қоғам тарапынан сенім

Құндылықтары:

- Біз үшін сапа бірінші кезекте

- Пациент қауіпсіздігіне басымдық беріледі

- Біз оң нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмыс жасаймыз

- Біз ынтымақтастыққа дайынбыз (ашықпыз)

- Еліміз бойынша барлық медициналық ұйымдармен жақсы әріптестік қарым-қатынас 

- Біз көшбасшы болуға ұмтыламыз және  біздің серіктестеріміздің де өз салаларында көшбасшы болғанын қалаймыз

- Біз теңдікті, адам құқықтарының сақталуын, объективтілікті және бейтараптықты  насихаттаймыз.

 

Дүниежүзілік Банктің "Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) денсаулық сақтау секторында институционалдық реформа жүргізу және технологияларды беру" Жобасының қолдауымен 2009-2015 жылдар аралығында  ұлттық денсаулық сақтау шеңберінде 2009 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін медициналық ұйымдарды аккредиттеу рәсімі өткізіледі. 

2017 жылы аккредиттеуші орган, ҚР үшін алғаш рет, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық  орталығының (бұдан әрі - ДСДРО) Аккредиттеу орталығы аккредиттеуші орган ретінде  халықаралық тұрғыда мойындалды. Денсаулық сақтау саласындағы сапа мен қауіпсіздік бойынша әлемдегі жоғарғы орган – International Society for Quality in Health Care (Денсаулық сақтау саласындағы Сапа бойынша Халықаралық Қоғам,  бұдан әрі – ISQua) талаптарына сәйкес Қазақстанның аккредиттеу жүйесінің  сәйкестік аудиті негізінде, ISQua Директорлар Кеңесі жанындағы Аккредиттеу жөніндегі комиссия 2021 жылдың қаңтарына дейін төрт жыл мерзімге ДСДРО Аккредиттеу орталығын аккредиттеу туралы шешім қабылдады.

ДСДРО Аккредиттеу орталығына берілген ISQua сертификаты ҚР ұлттық аккредиттеу жүйесін жетілдіру жолындағы маңызды іргетасы болып табылады.

ISQua аккредиттеу жөніндегі органның мойындауы – бұл аккредиттеу жүйесінің және  аккредиттеуші органның өз функцияларын одан әрі дұрыс іске асырудағы базалық элементтері – медициналық көмек сапасын және пациент қауіпсіздігін арттыру мақсатында оларды аккредиттеу және медициналық ұйымдарды бағалау негіздері бар екендігінің кепілі.

Бүгінде ISQuа аккредиттеуші органдар ретінде шамамен отыз ұйымды аккредиттеді, солардың бірі ДСДРО Аккредиттеу орталығы АҚШ-тағы JCI (Joint Commission International Accreditation), Ұлыбританиядағы CHKS Accreditation Unit, Канададағы Accreditation Canada, Тайвандағы Joint Commission of Taiwan, т.б. секілді беделді ұйымдармен қатар тұр.

Бүгінгі таңда Аккредиттеу орталығы стандарттар мен аккредиттеу рәсімдерін әзірлеуші, сондай-ақ медициналық ұйымдар үшін сыртқы кешенді бағалау жүргізу, алдын ала аккредиттеуге дайындау, аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу үшін сарапшылар, инспекторлар, жаттықтырушылар, үйлестірушілер дайындайтын, ҚР ұлттық аккредиттеуді ілгерілету жөніндегі жалғыз мамандандырылған орган болып табылады.

Орталықтың қызметкерлері – American gulf international аккредиттеу мәселелері бойынша жаттықтырушылар, инспекторлар, сарапшылар (кеңесші, тәлімгер, үйлестіруші) ретінде, American institute for healthcare quality  сюрвейерлер ретінде оқытылған білікті  мамандар, олардың ішінде:

1 - медицина ғылымының кандидаты

1 - денсаулық сақтау саласын басқару бағытындағы ғылым магистрі

4 - жоғары санатты

2 - бірінші санатты.

 

 

Біздің денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша

халықаралық қоғамдастықтар мойындаған жетістіктеріміз

 

 

 

 

 

2017 жылы Аккредиттеу орталығы 4 жыл мерзімге халықаралық  тұрғыда аккредиттеуші орган ретінде мойындалды – ISQua.

 

2013 жылы Аккредиттеу орталығы аккредиттеу өткізу үшін инспекторлар дайындауға ISQua-дан  халықаралық құқығын алды.

 

      2017 жылы  Аккредиттеу орталығы ISQua-дан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар үшін ұлттық стандарттардың халықаралық  аккредитациясын алды.

 

2012 жылы  Аккредиттеу орталығы ISQua-дан стационарлық ұйымдар үшін ұлттық стандарттардың халықаралық  аккредитациясын алды.