2017 жыл бойынша медициналық ұйымдардың рейтингі

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  2017 жыл бойынша медициналық ұйымдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми және  ұлттық орталықтардың қызметін рейтингтік бағалау қорытындысын шығарды.

 

 

 

 

 

 

 

Меншік түріне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсететін республикалық, облыстық және қалалық деңгейлердегі медициналық ұйымдарды рейтингтік бағалау әрбір келесі топтарда жүргізіледі:

 

– облыстық ересектер стационарлары;

– облыстық балалар стационарлары;

– қалалық ересектер стационарлары;

– қалалық балалар стационарлары;

–2-ші және 3-ші аймақтандыру деңгейлеріндегі босандыру ұйымдары;

– халқы аралас дербес қалалық емханалар, отбасылық денсаулық орталықтары;

– онкологиялық диспансерлер;

– психиатриялық диспансерлер мен наркологиялық диспансерлер;

– терівенерологиялық диспансерлер;

– туберкулезге қарсы диспансерлер;

– ғылыми-зерттеу институттары;

– ғылыми орталықтар.

  

 

  

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2018 жылы қызметті бағалау әдістемесі қайта қаралды. Балдық жүйе екі санат бойынша: клиникалық көрсеткіштер бойынша және менеджмент көрсеткіштері бойынша 5-тен 1 –ге дейін жұлдыздар беруге ауыстырылды, сондай-ақ, ұлттық орталықтарға ғылыми қызмет көрсеткіші қолданылады.

 

 

Әдістеменің жаңа редакциясында бейініне байланысты 13 жаңа индикатор енгізілген:

 - Медициналық ақпараттық жүйені пайдалану;

 - Медициналық ұйым қызметін бағалау бойынша өзге де халықаралық сертификаттардың болуы;

- Дәрігердің 1 мөлшерлемедегі орташа айлық жалақысының өңір экономикасындағы орташа айлық жалақыға арақатынасы  (Клиникалық, параклиникалық бөлімшелердің, ӘБҚ-дан басқа);

 - Байқау кеңесінің болуы;

- Активтердің рентабельділігі (ROA);

 - Корпоративтік сайттың болуы;

- САТ емделгендердің өсу қарқыны;

- Әлеуметтік желілерде ресми аккаунттың болуы;

- Медицина персоналының еңбек жағдайларына қанағаттанушылық деңгейі;

- Халықаралық аккредиттеудің  болуы (ҒЗИ, ҒО үшін);

- Жеделдіктің 4-санатындағы шақыруларға қызмет көрсету үшін шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру;

- egov арқылы дәрігердің қабылдауына электрондық жазылу мүмкіндігі;

- Навигация схемасының және пациентті бағдарлаудың болуы.

 


Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша, ересектерге арналған стационарлар арасындағы  клиникалық көрсеткіштер бойынша медициналық көмек сапасының  деңгейі: 5 жұлдыз санатына 53% МҰ кірді және 38% - ы 4 жұлдыз санатына кірді, 5% - ы кірді 3 жұлдыз және одан төмен санатына кірді, менеджмент көрсеткіштері бойынша сараланған 170 ұйымның 18 МҰ немесе 11% - ы 4 жұлдыз санатына кірді, 22%-ына 3 жұлдыз, 20% - 2 жұлдыз, 47% 1 жұлдыз берілді.

 

Ересектерге арналған  облыстық стационарлар арасында менеджмент көрсеткіштері бойынша сараланған 32 ұйымның 6-уы немесе 19% -ы 4 жұлдыз санатында, 41% - ы 3 жұлдызды, 23% - 2 жұлдыз, 19% - 1 жұлдыз, клиникалық көрсеткіштер бойынша 9 МҰ немесе 28% 5 жұлдыз, 41% - 4 жұлдыз, 31% - жұлдыз берілді.

 

Балаларға арналған  облыстық стационарлар арасында  менеджмент көрсеткіштері  бойынша сараланған 13 МҰ-ның 7% - 4 жұлдызды, 16% -3 жұлдызды, 70% -2 жұлдыз, 7% - 1 жұлдыз, клиникалық көрсеткіштері бойынша  23% – 5 жұлдызды, 16% - 4 жұлдызды, 61% - 3 жұлдыз алды.

 

Балаларға арналған қалалық стационарлар арасында сараланған 15 МҰ менеджмент көрсеткіштері бойынша 4 жұлдыз - 27%, 40% - ы 3 жұлдыз, 33% - 2 және 1 жұлдыз, клиникалық көрсеткіштер бойынша 54% - 4 жұлдыз, 40% - ы 3 жұлдыз, 6% - 2 жұлдыз берілді.

 

17 ҒЗИ/ҒО арасында менеджмент көрсеткіштері бойынша 5 жұлдыз санатына 4 ұйым  кірді (24%), 4 жұлдыз 6 ҒЗИ/ҒО (35%), 3 жұлдыз 3 ұйымға (17%), 2 жұлдыз 2 МҰ (12%), 1 жұлдыз 2 ҒЗИ берілді (12%), клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 жұлдыз санатына 2 ұйым кірді (11%), 4 жұлдыз 7 ҒЗИ/ҒО (42%), 3 жұлдыз 7  ұйымға (42%), 2 жұлдыз 1 МҰ берілді (5%), 1 жұлдыз санатына ешбір ұйым кірген жоқ.

 

Қалалық маңызы бар 25 перзентханалар мен перинаталдық орталықтардың ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 жұлдыз 6 ПХ/ПО (24%), 4 жұлдыз 18 ПХ/ПО (72%) берілді, тек бір перхентханаға 3 жұлдыз берілді (4%), қатысты соғады менеджмент санатына 5 жұлдыз емес, енді бірде МҰ санатына 4 жұлдыз кірді 3 (12%), 3 жұлдыз 10 ПХ/ПО берілді (40%), 9 медициналық ұйымда 2 жұлдыз  (36%), 3 ұйымда 1 жұлдыз (12%).

 

17 облыстық перинаталды орталықтардың ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 жұлдыз 6 ПО берілді (35%), 4 жұлдыз санатына 7 ПО кірді (41%), 3 жұлдыз 4 ПО берілді (24%), 2017 жылдың қорытындысы бойынша менеджмент көрсеткіштері бойынша 5 жұлдыз санатына бірде бір МҰ кірген жоқ, 4 жұлдыз санатына 2 орталық  кірді (12%), 3 жұлдыз 7 ПО (41%), 3 жұлдыз 5 ПО (30%), 1 жұлдыз 3 ПО ( 17%).

 

Медициналық–санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған медициналық көмек көрсету сапасын рейтингтік бағалауға 168 ұйым қатысты, соның ішінде клиникалық көрсеткіштер бойынша 5 жұлдыз санатына 8 медициналық ұйым кірді, бұл жалпы қатысушы ұйымдар санынының 4,7% -ын құрайды; 4 жұлдыз 30 медициналық ұйымға берілді, бұл  жалпы қатысушы ұйымдар санынының 17,8% құрайды, 47 ұйымға 3 жұлдыз берілді,  бұл 28% құрады,  2 жұлдыз санатына 74 ұйым немесе 44% -ы кірді, тиісінше 5,3% - ды 1 жұлдыз санатын құрады (9 медициналық ұйым), менеджмент көрсеткіштері бойынша 5 МҰ немесе 3% 5 жұлдыз берілді, 24 МҰ-ға 4 жұлдыз берілді, яғни қатысушы МҰ-дың жалпы санының 14,3%, 52,3% МҰ 3 жұлдыз санатына кірді (88 МҰ), 2 жұлдыз 36 МҰ берілді (21,4%), тиісінше 9% -ды 1 жұлдыз санатын құрады (15 МҰ).

 


 


 



Қысқаша қортындылар:

 

Рейтингітегі орнын одан әрі жақсарту үшін, медициналық ұйымдар: ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өтуге, ішкі аудит және менеджмент қызметіне,  корпоративтік басқаруды дамыту, медициналық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ цифрландыруды, оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелерді енгізу мәселелеріне назар аударулары керек.

 

Клиникалық көрсеткіштер бойынша қажет: стационарды алмастыратын медициналық көмек беру сапасын және көлемін жетілдіру, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді, соның ішінде аймақтық мекемелерде дамыту.

 

Медициналық ұйымдардың қызметін  рейтингтік  бағалау Медициналық көмек сапасын басқару үрдісін құрайтындардың  бірі ретінде қаралады, мұндай бағалау қызмет берушілердің қызметіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді, ал екінші жағынан, тұтынушыларды қызмет берушілердің қызметі туралы ақпараттандыру арқылы, ол қызмет берушілерді  қызмет ету көрсеткіштерін үздіксіз жақсартуға ынталандырады. Медициналық қызметті  тұтынушылар үшін рейтингтік бағалау мекеменің беделін  анықтауға және еркін таңдау жағдайында медициналық көмек алу үшін қолайлы медициналық ұйымға қатысты саналы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.  


2016 жыл бойынша медициналық ұйымдардың рейтингі