Талдамалық анықтама (Policy brief)

Талдамалық анықтама (Policy brief) - бұл біршама зерттеу тұрғысындағы құжат, нақты стратегиялық бағыттар немесе ағымдағы саяси ахуалға қарай іс-әрекеттер дәйегі көрсетіледі.

Талдамалық анықтама ақпараттандыруға, басқа саяси сарапшыларға әсер етуге арналған саяси өңдеулер үдерісінде көптеген мақсаттарға қызмет етеді және іс-әрекет ету үшін ынталандыру құралы болып табылады.

Аталған құжаттарда саяси өңдеулер үдерісінің кез келген кезеңінде пайдаланылуы мүмкін жалпы мәліметтер мен зерттеулердің нәтижелері болуы мүмкін. Нақты құжаттардың бағыттары саяси нұсқалардың сипаттамалары мен саясатты жүзеге асырудың нақты жоспарларын жарнамалауға дейінгі және таңдалған нұсқаны бағалағанға дейінгі оның нақты нұсқасының ұсынымдарына байланысты түрленуі мүмкін.