Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

ДСДРО Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) және Халықты орналастыру Қорымен (ЮНПФА) әріптестік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы (ДСДРО) Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорымен және (ЮНИСЕФ) және Халықты орналастыру Қорымен (ЮНПФА) әріптестік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – әйелдер мен балалар денсаулығын нығайтуға, аналар мен сәбилер өлімінің азаюына  әсер ету үшін  бірлескен іс-қимылдар механизмін қалыптастыру. ЮНИСЕФ пен  ЮНПФА-мен жасалған Меморандум бойынша, бұл ұйым сарапшылары аналар мен балалар өліміне және акушерлік тәжірибедегі қауіпті жағдайларға конфеденциалдық аудит енгізуге техникалық көмек көрсетеді. 

Ынтымақтастық аясында Қазақстандағы Жастар орталықтарында жастарға репродуктивтік мәселелер бойынша ақыл-кеңес беру үшін  достық қызмет стандарттарын  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы/ЮНИСЕФ/ЮНПФА   талаптарына  сай ұйымдастыру,  бұл қызметті аккредитациялаудың  ұлттық стандарттарын қалыптастыру, жоғарыда аталған тақырыптарға дөңгелек үстелдер, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастыру көзделген. Меморандумның мерзімі – 3 жыл.    

Елімізде демографиялық ахуалға ықпал ететін ауруларды емдеуге ерекше мән берілуде. « Ана мен бала өлімін азайту мақсатында Министрлік босандыру мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің біріктірілген үлгісін енгізді. Қабылданған шаралар сәби өліміне қатысты көрсеткіштерді тұрақты түрде төмендетуге емүмкіндік берді,»- деді Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген коллегиясында сала басшысы Елжан Біртанов.

Статистика жөніндегі комитеттің мәліметі бойынша, есептік,яғни 2016  жылы 100 000 тууға 12,7 өлім оқиғасы тіркелген. 2006 жылы бұл көрсеткіш 100 000 тууға шаққанда 48-ді құраған болатын. Жүйелі жұмыстардың арқасыда  сәбилердің өлім-жітім көрсеткіші де  азайып келе жатыр. 2016 жылы бұл көрсеткіш 1000 туылған сәбиге шаққанда 12,6 көрсеткішін құрады. Бұл 2006 жылғымен салыстырғанда 1,5  есе аз болып отыр.  Халықаралық ұйымдармен тығыз әріптестік Қазақстан Республикасында репродуктивтік денсаулыққа байланысты дерттердің алдын-алуға ықпал етеді,- деді ДСДРО бас директорының міндетін атқарушы Айнұр Айыпханова.

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!