Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Бәріміз біргеміз – бұзылмас іргеміз

 Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының ұжымы әз-Наурыз мерекесін тойлауға арналған мерекелік шара өткізді. Ұлыстың ұлы күнін тойлау барысында ұжым «Гүлдер», «Жасыл ел», «Сарыарқа», «Есіл», «Бақыт» ауылы болып бөлініп, ұлттық дәстүрге сай дастархан жайды. Әрбір ауыл өкілдері өз өнерін ортаға салды. Ұжымның өнерпаздары ұлттық билер билеп, қазақтың кең тараған әндерін шырқады. Домбырадан күй төгіліп, поэмалар оқылды.

Жиналған жұртшылық сырға салу, сәбиді қырқынан шығару сынды қазақи салт-дәстүрлер бойынша қойылымдар тамашаласа,  Стратегиялық даму орталығының жетекшісі  Талғат Жұмағұловтың  сәбиінің тұсау кесер рәсімінің осынау мерекелік күні ұжымда өткізілуі қуаныштың сәнін ашып, рухани құндылықтарымыздың мәртебесін көтере түсті.   Елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстардың достығы мен татулығы мерекенің басты тақырыбына айналды. Бұл мерекеден еліміздің салт-дәстүрге беріктігі, сабырлығы,  рухани биіктігі көрініс тапты. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттауға арналған мерекелік шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатысып, ұжым мүшелерін Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.    

Add comment

Security code
Refresh

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!