Template created by Joomla 1.6 templates and the best poker webpages: party poker bonus code and best poker sites.

Басшылық

Басып шығару

Айыпханова Айнұр Тоқсанқызы  - бас директорының қызметін атқарушы.    

Айнұр Айыпханова денсаулық сақтаудың кәсіби басқарушысы, акредиттеу, сапа менеджменті бойынша кәсіби сарапшы, «Болашақ» бағдарламасының степендианты. Индиана университетінің (АҚШ) бакалавриаты мен магистратурасын «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Денсаулық сақтауды басқару» мамандығы бойынша  үздік бітірген.  2009-2010  жылдары Денсаулық сақтау саясаты институтында кіші ғылыми қызметкер болған.   Индиана штатындағы St. VincentHealthSystem  аурухана кешенінде тәжірибеден өткен. 

Еңбек жолы: 

  • 2010  ж. – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ сапа жөніндегі менеджері;
  • 2011 ж.  – «Ана мен бала ұлттық ғылыми медициналық орталық» АҚ сапа және пациенттер қауіпсіздігі бөлімінің жетекшісі, «Ұлттық медициналық орталық» АҚ басқарма төрағасының сапа жөніндегі кеңесшісі;
  • 2012-2016 ж. – «Республикалық нейрохирургиялық орталық» АҚ медициналық директорының орынбасары;
  • 2013-2016 ж.– Қазақстан, Әзербайжан, Біріккен Араб Әмірлігі елдерінде халықаралық акредиттеуден өткен клиникалардың халықаралық аккредиттеу жөніндегі консультанты, JCI жобасының жетекшісі,Әлемдік банктің ҚР аккредиттеу жүйесі жөніндегі жобасының  American Gulf International  халықаралық консультанты.

АҚШ, Германия, Испания, Ұлыбритания, Италия, Австрия, Чехия елдерінде кәсіби біліктілігін арттырған. Америкалық денсаулық сақтау көшбасшылары коллегиясының (АСНЕ) және Денсаулық сақтау Ұлттық Сапа қауымдастығының  (NAHQ) мүшесі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Денсаулық сақтау саласына халықаралық сапа стандарттарын енгізгені үшін Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған. Отбасылы, екі баласы бар. 


 

 

Искакова Айман Қадырханқызы – бас директордың орынбасары.

А.Искакова – медицина ғылымдарының докторы, Алматы мемлекеттік медициналық университетін педиатр-дәрігер мамандығы бойынша бітірген. Клиникалық ординатураны Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында (ПжБХҒО) өткен. Кагдидаттық және докторлық диссертацияны балалар онкологиясы бойынша аталмыш орталықта тиісінше 1999 және 2007 жылдары қорғаған.   

Еңбек жолы: 

  • 1999- 2001ж. –  ПжБХҒО онкогематологиялық бөлімінің дәрігері, Алматы қ.;
  • 2001-2007 ж. -  ПжБХҒО онкогематологиялық бөлімнің ғылыми қызметкері;
  • 2007-2009 ж. – ПжБХҒО ақылы қызмет бөлімінің меңгерушісі;
  • 2009-2010 ж. – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі бас менеджер, Астана қ:  
  • 2011-2015 ж. –«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ  білім және инновациялық технологиялар бөлімінің жетекшісі, Астана қ;
  • 2012-2014 ж. – –«Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ  бас ғылыми қызметкері, педиатрия жөніндегі консультант;
  • 2016-201ж . – «UMC» корпоративті корының ғылым және білім департаменті директор орынбасары, Астана қ;

«Болашақ»  бағдарламасының степендианты, 2014-2015 жылдары АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Питсбур қ. Питсбург университетінде «Балалар онкогематологиясы» мамандығы бойынша тәжірибеден өткен. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Германияда біліктілігін арттырған. 47 ғылыми мақаланың, 2 методикалық әдістеменің, 2 өнертапқыштық патенттің авторы. Грамоталар мен дипломдармен наградталған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.  


 

Кузембаев Нұрбол Ырысматұлы    - бас директордың орынбасары.

Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің бакалавриаты мен магистратурасын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 

 Еңбек стажы:

  • 2008-2009ж. –   «Астана финанс»АҚ маманы;
  • 2009-2010ж . – «Казагромаркетинг»АҚ менеджері;
  • 2010-2014 ж. - «СПК «Astana» Ұлттық компаниясы» АҚ «СЦЗ АстанаАгро» ЖШС директоры, орталық жетекшісі; 
  • 2014-2017 ж. -   Еуразиялық экономикалық одақтың Экономикалық комиссиясының аясында мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту жөніндегі эксперттік кеңестің мұшесі. Жобалар жетекшісі; 

Қазақ-жапон даму орталығында, ҚР жобалық менеджерлер орталығында, Ernst&Young Академиясында біліктілігін арттырған. АҚШ-тың Жобаларды басқару институтының мүшесі. Қазақ, орыс. Ағылшын тілдерін меңгерген. 

© 2013-2015 ҚР ДСӘДМ «Денсаулық сақтауды дамытру республикалық орталығы» ШЖҚ РМК Барлық құқықтар сақталған. Материалдарды көшіріп алу, сайт әкімшілігінен ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат алған уақытта ғана мүмкін!