«100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқанының қорытындысы

Денсаулық сақтау минристрлігінің қолдауымен медицина қауымының бастамашылық еткен «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» әлеуметтік науқаны шеңберінде, 800-ге жуық  көзден денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде 2094 ұсыныс келіп түсті.

 

Алынған ақпаратты ескере отырып, денсаулық сақтау жүйесіндегі ең өзекті проблемалар айқындалды: медициналық көмекті  ұйымдастыру мәселелері, ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру және еңбекақы төлеу және оларды құқықтық қорғау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері.

 

Алынған барлық ақпарат орындау мерзімдері бойынша 3-топқа бөлінді: қысқа мерзімді іс-шаралар - 62% ұсыныс; орта мерзімді - 31% ұсыныс; ұзақ мерзімді іс-шаралар - 7% ұсыныс. Оларды шешу бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді,

 

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды тиімді іске асыру үшін ДСДРО-да 2017 жылғы сәуір айында, денсаулық сақтау саласындағы  нормативтік құқықтық базаны мониторингілеуге және жетілдіруге  және «Денсаулық сақтаудағы бизнес үшін кедергілерді қайта реттеу, азайту және жеке секторды дамыту» жобасын әдістемелік сүйемелдеуге бағытталған Денсаулық сақтау саласындағы бастамаларды сүйемелдеу және қайта реттеу қызметі құрылды.

 

Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін  денсаулық сақтау саласындағы жеке секторын дамытуға және қызмет етуіне кедергі болатын нормалардың болуы тұрғысында  қайта қараудың  2017 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді.

 

Жоспарды іске асыру шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы 90 нормативтік құқықтық акт қайта қаралды, оның ішінде 47 НҚА Әділет министрлігінде тіркелді, 43 НҚА жобасы келісудің  соңғы сатысында.

 

Ұзақ мерзімді іс-шараларды  іске асыру үшін құрамында 148 НҚА бар Денсаулық сақтау саласындағы  нормативтік құқықтық актілерге ұсыныстар  енгізудің 2018 жылға арналған жоспары қалыптастырылды және бекітілді.

 

Бизнес қауымдастығымен кері байланыс жасаудың  тиімділігін арттыру мақсатында,  жобаның шеңберінде Денсаулық сақтау саласын дамыту  республикалық орталығында Жұмыс тобы құрылды, оның құрамына бизнес  қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ, нормативтік базаны жетілдіруге белсенді түрде қатысатын Денсаулық сақтау министрлігі де кіреді.

 

Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық базаны жүйелеу  мақсатында Денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің тізімі қалыптастырылды. Қызмет тұрақты түрде НҚА тізіміне олардың жаңаруына қарай мониторинг және өзектендіру жүргізеді.

 

2017 жылғы 3 қарашада Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының Тұжырымдамасы әзірленді. Тиісті салыстырмалы кесте жасалды, оны қазіргі уақытта ҚР ДСМ-нің жұмыс тобы қарастыруда.

 

Бәсекелестікті одан әрі дамыту және медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін 2018 жылы бизнес қауымдастығымен бірлесіп нормативтік құқықтық базаны жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыру көзделеді.