Медициналық қауымдастықтардың Еуропалық Форумында МСАК ұйымдарының тәжірибесі және Қазақстанда ұлттық аккредиттеу жүйесін енгізу таныстырылды

31 мамырдан бастап  1 маусымға дейінгі аралықта  Бакуде (Әзірбайжан) ДДҰ мүше елдердің еуропалық аймақтағы өкілдері қатысатын медициналық қауымдастықтардың  Еуропалық форумы (МҚЕФ) өтеді.

МҚЕФ – бұл медициналық қызмет көрсету және денсаулық сақтау сапасын жақсарту, ҰМҚ және ДДҰ арасындағы тәжірибемен, ақпаратпен және идеялармен алмасуға жәрдемдесу үшін мақсаты Еуропалық өңірде Ұлттық медициналық қауымдастықтар (ҰМҚ) мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) арасында диалог және ынтымақтастық орнату болып табылатын  халықаралық ұйым.

Құрамында ДСДРО Аккредиттеу орталығының басшысы Ботагоз Каупбаева, Отбасылық дәрігерлер қауымдастығының президенті Дамиля Нұғманова және  «Ұлттық Медициналық Қауымдастық» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті Айжан Садықова бар қазақстандық делегация медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсетуге арналған секцияға қатысты. ДСДРО басшысы «Сапалы қызметтер көрсету, ұлттық аккредиттеу және цифрлау шығындарын өтеу негізінде тұрақты медициналық санитариялық алғашқы көмек құру» тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамада МСАК-ты қаржыландыру бойынша деректер, ауруларды ерте диагностикалауға және сапалы медициналық қызмет көрсетуге бағытталған көрсеткіштердің негізінде ынталандыру төлемдерін қоса алғанда, ҚР-ның МСАК қызметтерін төлеу үшін сапа индикаторларын енгізу тәжірибесі келтірілген – бұл ҚР-да «value-based payment» немесе «құндылыққа бағдарланған өтеу» халықаралық-танылған қағидатының іске асырылып жатқандығын суреттейді,

сондай-ақ 2018 жылдан бастап енгізіліп жатқан халықты медициналық көмекпен жаппай қамтуды және МСАК-ты пациенттің мұқтаждықтары айналасына интеграциялауды қамтамасыз етуге арналған ҚР-ның МСАК-ты  одан әрі дамыту жөніндегі  тұжырымдамасы көрсетілді.

Сондай-ақ, қазақстандық баяндаманың  маңызды бөлігі ҚР-ның тәжірибесі ТМД елдері арасында ең озық болып табылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыруға арналған ұлттық аккредиттеу жүйесінің  сипаттамасы болды.

Қазақстан тарапынан жасалған баяндама барысында, алдағы 2018 жылғы 25-26 қазанда Астанада өтетін МСАК жөніндегі ДДҰ және ЮНИСЕФ Жаһандық конференциясы туралы ролик те көрсетілді (https://www.facebook.com/rcrzrk/videos/2074585432824300/ сілтемесі бойынша қолжетімді), және барлық қатысушыларға ДСДРО дайындаған осы конференция туралы және ҚР-дағы денсаулық сақтау жүйесі туралы үлестірмелі материалдар ұсынылды.  

Конференцияның бірінші күні ДСДРО өкілі Қазақстандық  президиум мүшесі ретінде сайланды және  ДСДРО және ҚР ДСМ өкілдері мен ТМД елдерінің, сондай-ақ Германия мен Швейцарияның ҰМҚ арасында бірқатар кездесулер өткізілді.  

Сондай-ақ, Форум аясында ұлттық медициналық сақтандыру жүйелерін енгізу тәжірибесі, денсаулық сақтаудағы кадрлық саясат, дипломнан кейінгі медициналық білім, сондай-ақ бүгінгі таңда өзекті болып отырған Ұлттық қауымдастықтар мен ДДҰ-ның ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

 

Building resilient primary health care through value-based reimbursement, national accreditation for quality,  and digitalization

Efma_Progran_2018