Медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесі туралы ғылыми мақала халықаралық журналда жарияланған

ДСДРО Аккредиттеу Орталығы «Health Care Academician Journal» халықаралық журналында «The process of development of accreditation standards for medical organizations in Kazakhstan» (Қазақстан Республикасында медициналық ұйымдарды аккредиттеу стандарттарын әзірлеу үдерісі) атты ғылыми мақаласын жариялады.

 

«Health Care Academician Journal» - ScopeMed, IndexScholar, ASOS, Google Scholar және Academic Directory арқылы индекстелетін интернет желісіндегі қолжетімді журнал.

 

Ғылыми жарияланым Қазақстанда медициналық ұйымдарды аккредиттеуді енгізу және дамыту үдерісі туралы ақпаратты жинақтайды. Авторлар Халықаралық денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі қоғаммен (ISQua) танылған Қазақстанның аккредиттеу стандарттарын әзірлеу тәжірибесін атап өтті.

 

Бұдан басқа, мақалада Қазақстандағы денсаулық сақтау ұйымдары үшін аккредиттеу стандарттарын әзірлеу, келісу және бекіту Ережелерін іске асырылуы бойынша шектеулер белгіленіп, үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес осы процесті жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.

 

Мақала ағылшын тілінде онлайнда қол жетімді: http://www.saglikakademisyenleridergisi.com/?sec=cissue.