ДСДРО 2018 және 2019 жылы Аккредиттеу рәсіміне МҰ қатысу нәтижелері бойынша кері байланыс қорытындыларына талдау өткізді

ДСДРО Аккредиттеу орталығы 2018 және 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы аккредиттеу рәсіміне қатысу нәтижелері бойынша медициналық ұйымдар мен сыртқы кешенді бағалау сарапшыларының кері байланыс қорытындыларына талдау жүргізді.

                           

Кері байланыстың талдауы ISQua халықаралық стандарттарына және «ДСДРО ақпаратты басқару Саясаты туралы» 5.08.2016 жылғы №100 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

 

Сауалнама «Survey Monkey» онлайн-сервисі арқылы ерікті негізінде жүргізілді. 2018 жылы талдауда 24 медициналық ұйымдар (119 респондент), ал 2019 жылдың 1 жартыжылдығында 33 медициналық ұйымдар қатысты (91 респондент).

 

Сауалнаманың негізгі респонденттері медициналық ұйымдарда аккредиттеу рәсімін өткізуге жауапты тұлғалар: директорлар, медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша директордың орынбасарлары, сарапшы-дәрігерлер, медбикелер және сыртқы кешенді бағалау сарапшылары болды.

Медициналық көмек сапасына аккредиттеудің оң ықпалында барлық респонденттер келіседі, ал сұралғандардың 97% сыртқы кешенді бағалау сарапшыларының жұмысын «жақсы» деп бағалады.

 

Аккредиттеуге қатысатын медициналық ұйымдар мен сарапшылардан кері байланыс талдауымен толығырақ сілтемеде танысуға болады.