ДСДРО 2019 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша аккредиттеу сарапшыларының қызметіне бағалау жүргізді

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ISQua денсаулық сақтаудың сапасы жөніндегі халықаралық қоғамның талаптары шеңберінде 2019 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстандағы аккредиттеу сарапшыларының қызметіне бағалау жүргізді.

 

Бағаланатын сарапшылардың қызметі мен құзыреті жаңартылған «360 градус»әдістемесі бойынша, арнайы әзірленген сауалнама бойынша анықталды. Индикаторларды орындау бойынша бағалауды аккредиттеуші органның сыртқы кешенді бағалау аудитінің сарапшылары алқалы түрде  жүргізді.

 

Бағалаудың негізгі индикаторлары «Ұлттық аккредиттеу стандарттарын білу және түсіндіру», «Аккредиттеу рәсімін сақтау», «Сарапшы құзыретін жетілдіру және дамыту», «Этикалық және коммуникативтік дағдылар»болып табылады.

 

Сарапшылардың бағалау нәтижесі бойынша жинаған балдарға байланысты 3 деңгейге бөлінді. 4,5-тенжоғарыбаллжинаған 36 сарапшыға I деңгей, II деңгейге 3-тен 4.49 балға дейін жинаған 27 сарапшы белгіленді.  Дайындықтың ең төменгі деңгейін 5 сарапшы көрсетті – олар 3 балдан кем алды және ІІІ құзыреттілік деңгейіне жатқызылды және аккредиттеуді жүргізуді жалғастыру үшін қызмет жүргізугерұқсат алу үшін қайта оқуға жіберілетін болады.

 

Бағалауға 2019 жылдың 1 жартыжылдығында медициналық ұйымдарды аккредиттеуге қатысқан 68 сарапшы қатысты. Сарапшылар тізімімен сілтеме бойынша танысуға болады.

 

Әрбір деңгейдегі сарапшылар үшін дағдылар мен білімді жетілдіруге көмектесетін тиісті іс-шаралар жоспарланған. Үздік нәтижелер көрсеткен аккредиттеу сарапшылары үшін ДСДРО номинациялар бойынша марапаттау рәсімін жүргізуді  жоспарлап отыр.