Ынтымақтастық жолдары талқыланды

Бас директор ДСДРО қызметімен жан жақты таныстырып, оның барысында миссия, орталықтың негізгі бағыттары, жобалар, сыртқы ұйымдармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы баяндады.
Бұдан әрі Covid-19 байланысты мәселелер талқыланды: зертханалық әлеуетті күшейту, емдеу (case management), стандартты операциялық рәсімдер, мамандарды оқыту және т.б. Тараптар медицина қызметкерлеріне арналған онлайн-курстарды ұйымдастыру бойынша бірлескен қызмет пен тәжірибе алмасу мүмкіндігін қарастырды. ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің өкілдері үш тілде оқыту бейнематериалдарын, онлайн курстарды ұсынуға дайын екендіктерін атап өтті.
- Біздің орталықтың ресми сайтында медицина қызметкерлеріне қажетті ақпарат жеткілікті. Қазіргі уақытта біз курстарды электронды форматқа көшіру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстандағы елдік кеңседен курстарды біздің платформаларда орналастыруға дайынбыз. Бұдан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайынбыз, – деп атап өтті ДСДРО бас директоры Қанат Тосекбаев.