Медициналық қызмет сапасын арттыру, пациенттер қауіпсіздігі және аккредиттеу жөніндегі халықаралық конференцияға қатысуға шақырамыз

 

ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  «Медициналық қызмет сапасын арттыру, пациенттер қауіпсіздігі және аккредиттеу» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция Астана қаласында 2017 жылдың 16-17 қарашасында өтеді.

Конференция бағдарламасы денсаулық сақтау жүйесінде медициналық қызметтер сапасын арттырудағы аккредиттеудің артықшылықтарына, роліне және келешегіне арналған  пленарлық отырыстар, жарыспалы сессиялар мен семинарлар өткізуді қарастырады.

Спикерлер – АҚШ-тан, Малайзиядан, Польшадан, Түркиядан, Босния және Герцеговинадан келген лекторлар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, JСI (Joint commission international), Accrediation Canada, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ мен ДСДРО өкілдері.

Конференцияға қатысу тегін, қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Конференцияға қатысу үшін алдын ала тіркелу міндетті.

Конференцияға қатысатыныңызды растау үшін қосымшаны толтырып, көрсетілген электронды мекен-жайға жіберуді сұраймыз, e-mail: kamila_maratovna@list.ru (Ахметова Кәмила +7 (7172) 700-950 ішкі 1051) немесе gazezov_f@rcrz.kz (Ғазезов Фархат 8-778-911-6666, 700-950 ішкі 1116).

1- қосымша

ТАӘ

Ұйым

Лауазымы

Байланыс телефоны

E-mail

 

 

 

 

 

 

«Медициналық қызметтер сапасы, пациенттер қауіпсіздігі және аккредиттеу» халықаралық конференциясының  бағдарламасы