ДСДРО-да «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» жаңа Кодекс жобасы талқыланды

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» жаңа Кодекс жобасы 2019 жылғы 12-13 шілдеде ДСДРО негізінде талқыланды.

 

Іс-шараға Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының және Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері қатысты. ҚР ДСМ заң қызметі департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет талқылау барысында модераторы болды.

BMJ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі практикалық денсаулық сақтау саласында клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау жөніндегі бастаманы енгізу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

11 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Британдық медициналық журнал (BMJ) Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бірлесіп Қазақстанда BMJ-дің «Клиникалық шешімдерді қабылдауды қолдау (CDS)» бастамасын ресми түрде іске қосты.

 

Іс-шара Ұлыбритания елшінің, ҚР-дағы АҚШ миссиясы басшысының орынбасары, DTRA (АҚШ) өкілдерінің, BMJ компаниясы басшылығының, басқа да халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстанның медициналық ұйымдарының, ҒЗИ, ҒО және медициналық университеттері басшыларының қатысуымен Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның басшылығымен өтті.

ДСДРО медициналық білім бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты

2019 жылдың 5-6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Ресей және Нидерланд халықаралық сарапшылар қатысуымен «Медициналық білім: үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

 

Іс-шара денсаулық сақтау саласындағы қосымша білім берудің өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибемен алмасу, сонымен қатар медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді оқыту үшін «Қазақстанның білім беруді дамытуды қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен ұйымдастырылды.

Сербиядағы семинарда ДСДРО қызметкерлері ауруханалардағы балаларға мейірімді қарым-қатынас жөніндегі ЮНИСЕФ жобасының қағидаттарын аккредиттеу стандарттарына енгізу тәжірибесімен бөлісті

1-5 шілде аралығында Белград қаласында (Сербия Республикасы) Еуропа мен Орталық Азияда дұрыс тамақтанбаудың екі есе ауыртпалығын болдырмау мақсатында емшектегі және ерте жастағы балаларды оңтайлы тамақтандыру жөнінде аймақтық семинар өтті.

 

Іс-шараға ДДҰ және ЮНИСЕФ спикерлері, сондай-ақ 16 елдің өкілдері қатысты: Албания, Армения, Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Хорватия, Грузия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Люксембург, Ресей, Солтүстік Македония, Молдова, Черногория, Сербия, Тәжікстан, Украина және Өзбекстан. Отандық делегация құрамына ҚР ДСМ өкілі Жанар Садуова, «БалаЖан» ҮЕҰ Президенті Эльнар Құрманғалиева, ЮНИСЕФ-тің Қазақстан бойынша үйлестірушісі Лариса Тихонова және ДСДРО қызметкерлері Ботагөз Қаупбаева мен Сәуле Нұрманова кірді.

ДСДРО Нұр-Сұлтандағы Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі семинарға қатысты

Бүгін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі семинар өтті.

 

 Іс-шараға Қазақстан Республикасы министрліктерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.