4-5 қазанда Ақтөбеде Республикалық медициналық палатаның 5 съезі өтті. Съезд жұмысына 150-ден астам ресми делегат қатысты, олардың қатарында облыстық РМП филиалдарының өкілдері, медициналық және ғылыми ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ҚР ДСМ комитеттерінің қауымдастықтарының және ДСДРО өкілдері болды.
Съездің диалог алаңында Дәрілік заттар мен медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығының стандарттар бөлімінің бастығы Ләззат Есбатырова және Менеджмент орталығы денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары обсерваториясының бас маманы Еркен Хафизов баяндама жасады.