ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми кеңесінің отырысында ғылыми ұйымдар мен медициналық ЖОО-ның 2016 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша рейтингтік бағалаулары қорытындыланды.

Жүргізілген рейтингтік бағалауға сәйкес, медициналық ЖОО арасында ғылыми және инновациялық қызмет көшбасшылары ретінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы және Астана медицина университеті танылды.

Клиникалық саладағы ғылыми ұйымдар арасында ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендер:  Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық және Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығы.

Клиникалық емес салалар бойынша алдыңғы қатардағы ұйымдар – Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы, М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығы, Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ Ғылыми кеңесінің шеңберінде 2018-2020 жылдары қаржыландыру жоспарланған денсаулық сақтау саласының қолданбалы ғылыми зерттеулерінің тақырыптары да қарастырылды.

ҚР-да ғылыми-медициналық қызметтер бойынша алдыңғы қатарлы медициналық жоғары оқу орындары анықталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылыми кеңесінің отырысында ғылыми ұйымдар мен медициналық ЖОО-ның  2016 жылғы ғылыми және инновациялық қызмет көрсеткіштері бойынша рейтингтік бағалаулары қорытындыланды.

Жүргізілген рейтингтік бағалауға сәйкес, медициналық ЖОО арасында ғылыми және инновациялық қызмет көшбасшылары ретінде Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы және Астана медицина университеті танылды.

Клиникалық саладағы ғылыми ұйымдар арасында ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізгендер:  Радиациялық медицина және экология ҒЗИ, Ұлттық ғылыми медициналық орталық және Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығы. Клиникалық емес салалар арасындағы алдыңғы қатардағы ұйымдар – Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығы, М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зоонозды жұқпалар ғылыми орталығы, Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ Ғылыми кеңесінің шеңберінде 2018-2020 жылдары қаржыландыру жоспарланған денсаулық сақтау саласының қолданбалы ғылыми зерттеулерінің тақырыптары да қарастырылды

ДДҰ Қазақстанда «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» жобасын іске қосты

ДДҰ Еуропа аймақтық бюросы 2017 жылы «Қазақстандағы денсаулыққа ықпал ететін мектептер» пилоттық жобасын іске қосты. Аталған жоба Қоршаған орта және денсаулық сақтау жөніндегі Парм декларациясының (2010 жылғы) іргелі ережелерінің біріне негізделген. Бұл хаттама шеңберіндегі басым бағыт – Жалпыеуропа аймағындағы мектептердің үлгісі бойынша барлық балаларға қоршаған ортада қолайлы, дұрыс жағдай жасау.

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Орта Азия мектептерінің 30%-дан көп бөлігінде сантехника және сумен жабдықтау жүйесі қанағаттанарлық деңгейде емес.  Осы себепті, ДДҰ Еуропа аймақтық бюросы денсаулыққа ықпал ететін мектептер жобасын жүзеге асырмақ.

Ағымдағы жылдың 24-25 сәуірінде Алматы қаласында ҚР-дағы ДДҰ Ел офисінің жәрдемімен аталған жоба бойынша кезекті басқосу өтті. Талқылауға ҚР 4 аймағынан (Астана, Алматы, Қызылорда, Ақтау) 6 пилоттық мектептің өкілдері, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері, ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дмыту республикалық орталығының өкілдері, ДДҰ Ел офисінің және ДДҰ Еуропа аймақтық бюросының қызметкерлері қатысты.