ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы мен РФ ДСМ «Ұлттық сапа институты» ФМБМ медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыровтың төрағалығымен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтау саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің және «Ұлттық сапа институты» ФМБМ делегациясымен кездесу өтті.

 

Ресей әріптестеріне қызмет көрсету сапасын арттыру саласындағы Қазақстанның тәжірибесін ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова және ҚР ДСМ ДСДРО Бас директоры Айнұр Айыпханова таныстырды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның медициналық ұйымдарының рейтингі жарияланды

ДСДРО ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсететін жеке медициналық мекемелерді қоса алғанда, ғылыми орталықтар/институттар мен медициналық ұйымдардың жыл сайынғы рейтингісін қорытындылады.

 

Рейтингті есептеу үшін индикаторлар ретінде көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы және ресурстарды пайдалану тиімділігі саласындағы 50-ге жуық ең маңызды көрсеткіштер іріктелді.

 

Саралау әдістемесінде осы жылы кейбір көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл көтеріліп кеткен: САТ-пен емделген науқастардың өсу қарқыны, стационардағы өлім-жітім; алдын алуға болатын аналар өлім-жітімі жағдайларының саны және көрсеткіштер бойынша ең жоғары шекті балл төмендеді; ақпараттық медициналық жүйелердің болуы; пациенттердің қанағаттану деңгейі; персоналдың қанағаттану деңгейі; дәрігердің 1 ставкалық орташа айлық жалақысының аймақ экономикасындағы орташа айлық атаулы еңбекақыға арақатынасы. Сонымен қатар, рейтинг жүйесіне жаңа профиль қосылды – «Орталық аудандық ауруханалар».

ӘМСҚ және РЭДСО-мен бірге ДСДРО ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жетілдіру үшін ақпараттық жүйелерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады

8 тамызда ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы «ӘМСҚ» КЕАҚ-мен және РЭДСО-мен ұлттық денсаулық сақтау шоттарын жетілдіру үшін ақпараттық жүйелерді пайдалану мүмкіндіктерін талқылады.


Жұмыс тобының қатысушылары бас директордың орынбасары Зарина Темекова мен ДДҰ –ның шақырылған сарапшысы Давид Гзирешвили «ӘМСҚ» КЕАҚ-ның ақпараттандыру жөніндегі басқарушы директоры Нұрбол Жұмаділдамен және бас директор Саин Шайхиевпен кездесу өткізді.

ДСДРО-да аурулар бойынша Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Бүгін шығындарды аурулар бойынша бөлуге негізделген Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын қалаптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

 

Топ ДДҰ-ның шақырылған сарапшысы, Consulting Group Curatio Sarl басқарушы серіктесі Давид Гзирешвилидің басшылығымен Денсаулық сақтау шоттары жүйесі үшін деректерді жинауды жетілдіру және автоматтандыруға техникалық көмек көрсету мәселелері жөніндегі ДДҰ-ның Барселоналық кеңсесімен ынтымақтастық шеңберінде тартылған ДДҰ қызметкерлері қатарынан құрылған.

2020 жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін қалыптастырудың жаңа әдістемесін енгізу жоспарланады

2019 жылдың 1 тоқсанында ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығы жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін (ЖБНЫК) бөлу жүйесіне – индикаторлардың нысаналы мәндеріне қол жеткізуге негізделген медицина қызметкерлерін ынталандыру жүйесіне талдау жүргізді.

 

ЖБНЫК тетігі Қазақстанда 2011 жылдан бастап әрекет етеді және алғашқы буын медицина қызметкерлерін қосымша ынталандыру жүргізуге мүмкіндік береді. Ынталандыру әрбір өңір үшін нысаналы мәні медициналық-демографиялық көрсеткіштерге және денсаулық көрсеткіштеріне байланысты белгіленетін түпкілікті нәтиженің 8 индикаторына қол жеткізу қорытындысы бойынша жүргізіледі: