ДСДРО жанынан құрылған ауылдық медицинаны дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жұмыс тобы аудандық ауруханаларға барады

Кеше ДСДРО Бас директоры Айнұр Айыпханова бастаған пәнаралық топ аудандық ауруханаларын аралауды бастады. 24 шілдеде Ақмола облысының ауылдық медициналық ұйымдарға барды: Астрахан аудандық ауруханасы және Атбасар ауданаралық көпбейінді ауруханасы.

 

Жұмыс тобы 15 шілдеде Ауылдық медицинаны дамыту тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде құрылған. Медициналық ұйымдарға баруға ДСДРО қызметкерлері: Бас директор Айнұр Айыпханова, инфрақұрылымды және МЖӘ-ні дамыту орталығы басшысының орынбасары Азамат Дүйсенов, кадрлық обсерватория басшысы Ольга Демушкан, аккредиттеу (сыртқы кешенді бағалау) бөлімінің бастығы Сәуле Нұрманова, МСАК бөлімінің бастығы Гүлжан Мұханова және Стратегиялық даму орталығының бас талдаушысы Алмат Джувашев қатысады.

ДСДРО 2018 және 2019 жылы Аккредиттеу рәсіміне МҰ қатысу нәтижелері бойынша кері байланыс қорытындыларына талдау өткізді

ДСДРО Аккредиттеу орталығы 2018 және 2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы аккредиттеу рәсіміне қатысу нәтижелері бойынша медициналық ұйымдар мен сыртқы кешенді бағалау сарапшыларының кері байланыс қорытындыларына талдау жүргізді.

                           

Кері байланыстың талдауы ISQua халықаралық стандарттарына және «ДСДРО ақпаратты басқару Саясаты туралы» 5.08.2016 жылғы №100 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

ДСДРО көшбасшылық, корпоративтік басқару және HR-технологиялары бойынша оқу семинарларына топ жасақталып жатқанын хабарлайды

Сіздерді «Денсаулық сақтау жүйесіндегі корпоративтік басқару», «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» оқыту семинарларына, «Медициналық ұйымдардың басшылары үшін көшбасшылық», «Өзгерістерді басқару», «Коммуникатік дағдылар» және « Кадр ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары » дайындау бойынша тренингтерге қатысуға шақырамыз.

ДСДРО тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық практикалық форумға қатысты

2019 жылғы 28 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында «ARiF’19» тәуекелдерді басқару саласындағы бірінші халықаралық практикалық форум өтті.

 

Форумға Қазақстан және жақын шетел ұйымдарының өкілдері қатысты: «Делойт және Туш ТМД» АҚ, «Газпром» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, ДСДРО және т. б.

ДСДРО имплементациялық зерттеулер бойынша тренингке топ жинайды

«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК және Денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулер жөніндегі өңірлік оқу орталығы «Имплементациялық зерттеулер (Implementation Research)» халықаралық тренингіне тыңдаушылар қабылдайтындығын жариялайды.

 

Тренинг ДСДРО базасында 2019 жылғы 26-29 тамыз аралығында Гана университетінің қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің жаттықтырушылар, профессор Филлис Дако-Гайк (Phyllis Dako-Gyeke) және профессор Эммануэль Асампонг (Emmanuel Asampong) қатысуымен өткізілетін болады.