ДСДРО клиникалық фармакология және фармация жөніндегі халықаралық конференцияға шақырады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Республикалық медициналық палата» ҚБ-мен бірлесіп, 2017 жылдың 8-9 қыркүйегінде Клиникалық фармакология және фармация тақырыбы бойынша ұйымдастырылатын «Дәрілік заттарды оңтайлы пайдалану» атты халықаралық конференцияға қатысуға шақырады. 

Конференция дәрілік заттарды оңтайлы пайдалану, клиникалық фармакологиядағы және клиникалық практикадағы дәлелді медицина, дәрімен емдеу қауіпсіздігі, фармакологиялық қадағалау мәселелеріне арналатын болады. Екі күндік шараның мақсаты – клиникалық фармакологияның дәлелді медицина қағидаттарына негізделген артықшылықтарын, келешегін және денсаулық сақтау саласының дамуына негіз болатын ролін маңызды аудиторияға жеткізу, көрсету.  

Өткізілетін орны: Астана қаласы, "Думан" қонақ үй кешені, Қорғалжын тас жолы 2А, конференция залы.

Толығырақ,  мына сілтеме бойынша: www.druginfo.kz.

Клиникалық фармакология және фармация бойынша «Дәрілік заттарды оңтайлы пайдалану» атты халықаралық конференцияның бағдарламасы

Денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративті басқаруды дамыту жөніндегі конференцияға қатысуға шақырамыз

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.А.Біртановтың тапсырмасы бойынша, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының медициналық мекемелерде басқарудың корпоративті үлгісінің енгізілуін болжайтын 81 қадамын жүзеге асыру аясында, 2017 жылдың 28 шілдесінде «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративті басқаруды дамыту» тақырыбында республикалық конференция өткізу жоспарлануда. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстанның Тәуелсіз Директорлар Қауымдастығы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысатын конференцияда медициналық ұйымдарда тиімді менеджмент пен корпоративті басқару үлгісін енгізудің отандық және халықаралық тәжірибелері, денсаулық сақтау жүйесін реформалаудағы жергілікті атқару органдарының ролі талқыланатын болады.

Конференцияға:

- әкімдер мен олардың орынбасарлары;

- денсаулық сақтау басқармаларының және медициналық ұйымдардың бірінші басшылары мен орынбасарлары;